Курск облысына КХДР-дың 11 мың әскери қызметкері келді. Бұл туралы Украина президенті 4 қараша күні кешкі бейне үндеуінде елдің Қорғаныс министрлігінің Бас барлау басқармасы мен Сыртқы барлау қызметінің хабарламаларына сілтеме жасап айтты. «Біз солтүстік кореялықтар санының артқанын көргенімізбен, серіктестеріміздің реакциясын көре алмай отырмыз», - деп шағымданды Владимир Зеленский.