Зеленский Украина қарулы күштерінің Ресей аумағында операция жүргізгенін алғаш рет растады. «Ең бастысы – Жоғарғы Бас қолбасшы Александр Сырскийдің біздің майдандағы қорғаныс іс-қимылдары мен Курск облысындағы операция туралы баяндамасы болды», - деп жазды Украина президенті өзінің Telegram-каналында кездесудің видеосын қоса беріп.