Ұзақ уақыт бойы жастар арасында «әскер – уақыт жоғалту» деген түсінік қалыптасып келгені жасырын емес. Алайда соңғы жылдары бұл көзқарас түбегейлі өзгеріп жатыр. Бүгінде мерзімді әскери қызмет тек азаматтық борыш қана емес, нақты мүмкіндіктер алаңы, тіпті болашаққа салынатын инвестиция ретінде қарастырыла бастады.