Әскери есепке тұру бұрын қай-қайсымыз үшін де уақыт пен жүйкені талап ететін күрделі процесс болатын. Кезек күту, анықтама жинау, түрлі мекеменің табалдырығын тоздыру... Осының бәрі қалыпты жағдай еді. Алайда соңғы жылдары Қазақстанда жүргізіліп жатқан цифрландыру саясаты бұл жүйені түбегейлі өзгертіп, әскери комиссариаттың өзін виртуалды форматқа жақындатыпты.