2024-2026 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы заңда 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап мемлекеттік жәрдемақы мен базалық зейнетақының барлық түрін Ұлттық банк айқындайтын инфляцияның болжамды деңгейіне сәйкес — 7, ынтымақты зейнетақыны — 9 пайызға, яғни инфляция деңгейінен 2 пайызға ілгерілеп арттыру көзделген.