Қазақстандықтардың қаржылық сауатын арттыру бойынша «Қарызсыз қоғам» жобасы жалғасып жатыр. Елордада мектептердің мұғалімдері және колледждер мен университеттердің оқытушылары біліктілікті арттыру курстарынан өтті. Жаңа оқу жылында оқушылар мен студенттер де қаржылық сауат бойынша білім алады.