1-сыныпқа өтінімдер қабылдау 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады. Бұл туралы ҚР Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.Бүгінге дейін 275 177 өтінім келіп түсті. Бірінші сыныпқа оқушыларды қабылдау бойынша Ақмола, Алматы, Жетісу, Павлодар облыстары 100% көрсеткішке қол жеткізген.