2025 жылдың 1 қаңтарынан әлеуметтік қызмет көрсететін орталықтар лицензиялаудан өтеді, дейді Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жақыпова. «Елімізде 732 мыңнан астам мүгедек адам бар. Оның 201 мыңы зейнет жасындағы адамдар, шамамен 112 мыңы - 18 жасқа дейінгі балалар. Түркістан, Алматы, Қарағанды, Жамбыл облыстарында 41 мыңнан 101 мыңға дейін мүмкіндігі шектеулі жан бар. Бүгінгі күнгі басты мәселе – әлеуметтік қызметтердің сапасы. Сапаны қалай көтеру керек, мүгедектігі бар адамдарға қандай жағдай жасау қажет деген мәселелерге байланысты жұмысымызға өзгерістер енгіздік. 2025 жылдың 1 қаңтарынан бастап, әлеуметтік қызметтер лицензиялаудан өтеді», - деді министр.