Қазір әскер қатарына келген сарбаздарға несиелерін өтеу кейінге шегеріліп жатыр. Бұл туралы ҚР Қорғаныс министрінің орынбасары Дархан Ахмедиев мәлім етті. «Қарулы күштерді цифрлық трансформациялау әскери қызмет өткерудің тартымдылығын арттыру іс-шараларын іске асыруға мүмкіндік берді. Оның бірі мерзімді әскери қызметке шақырылған азаматтарға кредиті бойынша каникул беруге қатысты. Азаматтарды мерзімді әскери қызметке шақыру туралы бұйрық тікелей жүйеде шығарылып, бірден Мемлекеттік кредиттік бюроға және Бірінші кредиттік бюро сервисіне беріледі. Осы ұйымдар несиесі бар сарбаздарды бірден анықтап, деректерді банктер мен шағын несие ұйымдарына жолдайды. Бұдан кейін қарызды кейін өтеу туралы шешім шығарылады», - деді Д. Ахмедиев.