Дүниежүзілік көшпенділер ойыны қарсаңында павлодарлық оқушылар ұлттық «Ортеке» биінен Қазақстанның рекордын орнатты. Бір мезетте 100 домбырашы ортекелерді билетіп, Ертіс жағасын күмбірлеген күйге бөледі. «Ортеке» арнайы жасалған тұғырға орнатылып, домбырашының саусағына жіппен байланады. Күйші аспапта ойнай бастағанда, домбыра шерткен саусақтардың қозғалысымен қуыршақ та тықылдап билей жөнеледі.