«Қазгидромет» РМК еліміздің барлық өңірінде ауа райына байланысты ескерту жариялады. 1 қыркүйекте Абай облысының орталығында қатты жаңбыр жауады. Облыстың көп бөлігінде күн күркіреп, жаңбыр аралас бұршақ жауады. Солтүстік-батыстан, шығыстан, оңтүстіктен 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады, Облыс аумағында жоғары өрт қаупі сақталады. Семейде күн күркірейді. Солтүстік-батыстан соққан желдің екпіні күндіз 15-18 м/с жетеді.