Қазақстанда темекі бағасы қымбаттайды. Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің мәліметінше, 15 шілдеде «Сүзгісі бар, сүзгісі жоқ темекілерге, папиростар мен сигариллаға және қыздырылатын темекі бұйымдарына ең төменгі бөлшек бағаны белгілеу туралы» өзгертілген бұйрық күшіне енеді.