1 шілдедегі жағдай бойынша 253 мың қаскөй ата-ананың 367 мың бала алдындағы борышы 19 млрд теңгеге жеткен. Бас прокуратура алимент төлемей жүрген ата-анамен күресті жалғастырып жатыр. Борышкерлер берешекті төлемеуді жұмыстың жоқтығымен ақтайды. Шынында да, олардың көпшілігі ресми түрде жұмыссыз және жұмысқа орналасу үшін шара қолданбайды. Іс жүзінде қазіргі заманғы табыс көздері, такси және жеткізу қызметтері (Яндекс, Wolt, Glovo, Indriver) борышкерлерге еңбек шартын жасамастан кіріс алуға мүмкіндік береді. Әлеуметтік желілер де (Facebook, Instagram, Twitter, TikTok және YouTube) жақсы табыс әкелуі мүмкін. Мысалы, оқырманы көп аккаунт иелері жарнамадан ақша табады.