арағанды облысының полицейлері жаңа қызметтік көліктің кілтін алды. Құқық қорғау саласы қызметкерлерінің автопаркі облыстық бюджет есебінен сатып алынған 200 арнайы көлікпен толықты. Олардың басым бөлігі патрульдік полицияға беріледі. Трассада қызмет ететін тәртіп сақшылары да жол талғамайтын көліктер алды. Өңір басшысы Ермағанбет Бөлекпаев жаңа техникаларды өзі табыстады.