Қазақстан Ұлттық Банкі сарапшылар қауымдастығы арасында жүргізілген кезекті макроэкономикалық сауалнаманың нәтижесін жариялады. Олар инфляция, жалпы ішкі өнім және базалық мөлшерлеме бойынша болжамдарын айтты. Сауалнаманың негізгі параметрлері ретінде Brent маркалы мұнайдың бағасы, Қазақстан экономикасының өсуі, инфляция, базалық мөлшерлеме, тауарлар мен қызметтердің экспорты және импорты таңдалған.