2025 жылдан бастап барлық өңірдегі балабақшаларда ваучерлік қаржыландыру енгізіледі. Бұл туралы Мәжіліс депутаттарының сауалына Премьер-министрдің орынбасары Тамара Дүйсенованың жауабында айтылған. Вице-премьердің атап өтуінше, мектепке дейінгі білім берудің қолжетімділігін қамтамасыз ету үшін балабақшаларда ваучерлік қаржыландырудың пилоттық жобасын енгізу басталды.