«2025 – 2027 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» заң жобасы қаралды. Заң жобасында келесі жылы бюджетке 21,7 трлн теңге (2026 жылы – 19,4 трлн теңге; 2027 жылы – 20,9 трлн теңге) көлемінде түсімдер болжанған. Сонымен қатар Ұлттық қордан 2 трлн теңге көлемінде кепілдендірілген трансферт тарту жоспарланған.