Саны көбейген сайын апат та жиіледі. Алматыда мопедке қатысты биыл 700-ден аса жол апаты болып, 14 адам қаза тапқан. Былтырғымен салыстырғанда бұл екі жарым есе көп. Оңтүстік астана жолдарында жүрген аталмыш көлік құралының саны да жылдан-жылға артып барады, соңғы есепте 50 мыңнан асқан. Көбі жол жүру ережесіне бағынбайды.