"2030 жылға қарай қазақстандық порттардың өткізу қабілетін 30 млн тоннаға дейін ұлғайтамыз". Көлік министрі Марат Қарабаев Маңғыстау облысына жұмыс сапары аясында Каспийдегі ірі көлік инфрақұрылымының әлеуетін бағамдады. Министр Ақтау, Құрық, Баутино теңіз порттары мен Саржа, Ертай, Северный теңіз терминалдарының жұмысын тексерді. Теңіз инфрақұрылымын дамыту аясында қосымша контейнерлік терминалдар салу, қайта тиеу техникасын жаңарту, логистиканы дамыту, кедендік және әкімшілік рәсімдерді оңайлату, сондай-ақ ТХКБ және Солтүстік-Оңтүстік дәліздерін цифрландыру жұмыстары атқарылуда.