2035 жылға қарай еліміздегі электр энергиясының тапшылығы 17,4 млрд киловатт/сағатқа жетуі мүмкін. Энергетика министрлігінің мәліметінше, 2035 жылға қарай электр энергиясын тұтыну көлемі 152,4 млрд киловатт/сағат деңгейінде болатындығы болжанады. Сол уақытта елімізде қазіргі уақытта жұмыс істеп тұрған энергия көздерінің өндірісі 135 млрд киловатт/сағатқа дейін төмендейді. Демек, энергия тапшылығы 17,4 млрд киловатт/сағатқа жетуі ықтимал.