1897 жылы қала халқының саны небәрі 10-15 мың адам болса, 1939 жылға қарай 75 мыңға дейін өсті. Кеңестік кезеңде ірі зауыттардың ашылуы халық санының 400 мыңға дейін өсуіне ықпал етті. 2018 жылы Шымкент Астана және Алматымен қатар республикалық маңызы бар қала мәртебесін алып, миллионнан астам халқы бар қалалардың біріне айналды.