Шамамен 10,3 млрд адам. БҰҰ жаңа болжамы бойынша 2080 жылдардың ортасына қарай Жер халқының саны осынша болады. Ал 2100 жылға қарай бұл көрсеткіш 10,2 млрд-қа дейін төмендейді. Бірінші кредит бюросы БҰҰ баяндамасына талдау жасай отырып, кей мемлекеттерде халық саны 2024 жылға қарай ең жоғары деңгейге жеткенін, алайда осыдан бастап ондағы адам саны біртіндеп азаятынын айтады.