ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі төрағасының орынбасары Салауат Мүксімовтің сөзінше, көрсетілген мемлекеттік қызметтердің 26 түрі бойынша электрондық тәсіл белгіленеді. Оның пайымдауынша, қызмет көрсету ісінде цифрлық тәсілді қолданбау - қағазбастылыққа алып келеді. Бұны бұған дейін жүргізілген тәжірибе де айқындап отыр. Бұл өз кезегінде мүдделер қақтығысы мен сыбайлас жемқорлық тәуекелдері болып табылады. Биыл мұндай қызметтердің үлесі 96%-ға жетті. Келесі жылдың соңына дейін мемлекеттік қызметтің 12 түрі толығымен электрондық форматқа ауыстырылады», - деді спикер ОКҚ.