Ақтөбеде «Safina.kz» тұрғын үй кооперативінің төрағасына қатысты сот үкімі шықты. Күдікті 312 үлескерге 2,9 млрд теңге шығын келтірген. №2 Ақтөбе сотында Б.Т.Каримов, А.М.Жарасхановқа қатысты Қылмыстық кодекстің “Алаяқтық” бабы бойынша іс қаралды. Іс материалына сүйенсек, «Safina.kz» тұрғын үй кооперативінің төрағасы Б.Т. Каримов 2019-2022 жылдары аралығында аталған тұрғын үй кешені мен «СтройСервис-Регион» тұрғын үй-құрылыс кооперативінің үлескерлеріне төрт көпқабатты үй салуға уәде етеді. Ол 312 үлескерден барлығы 2 933 352 400 теңге жинап, құрылыс-монтаж жұмыстарын жүргізе бастайды. Алайда жұмысты аяғына дейін жеткізбей, заңсыз тоқтатып тастаған.