Атырау облысында сыбайлас жемқорлықтың қаупі жиі анықталатын салалардың қатарында медицина, спорт, жол және инфрақұрылым бар. Мәселен, спорт саласында 900 млн теңгеден астам қаржылық бұзушылық анықталып отыр. Сондай-ақ 30 жаттықтырушы жалған дипломмен жұмыс істеп келген.