Астанада Ақмола облысының аумағына ірі көлемде есірткі жеткізуші ер адам қолға түсті. Одан 34 келіге жуық марихуана, 2 келіден астам гашиш тәркіленді. Тәртіп сақшылары жүргізген жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде Ақмола облысының аумағына ірі көлемде есірткі жеткізушінің жолы кесілді. Ақмолалық жедел уәкілдер елордада заңсыз айналымнан 34 келіге жуық марихуана тәркіледі. Бұл — қара нарықтағы құны 34 млн теңгені құрайтын 7 мыңға жуық дозаға тең.