Қостанай облысының әкімі Құмар Ақсақалов Жітіқарадағы қайғылы оқиғаның мән-жайына тоқталды. Облыс басшысы Жітіқарадан келіп, Рудный қаласының тұрғындарымен кездесуінде болған жайтқа қатысты пікір білдірді. «Енді комиссия тексереді. Біз қазір осындай қайғылы оқиғалардың алдын алуы тиіс болған қызметтер өз міндетін атқарды ма, жоқ па, тексеріп жатырмыз. Біріншіден, есепте тұрған отбасыларды газ анализаторларымен жабдықтауымыз керек. 2019 жылы ол үйге газ анализаторы орнатылған. Ол жұмыс істеп тұрған», — деді ол.