Өткен жылдың соңында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі ғылымды қаржыландыру саласындағы жемқорлық тәуекелдеріне сыртқы талдау жүргізді. Жүргізілген талдау ғылыми жобаларды іріктеудің ашықтығына, оларды іске асырудың көзбояушылдығына, нәтижелер үшін жауапкершіліктің болмауына, зерттеу қорытындыларының төмен сұранысына, сондай-ақ ғылыми тағылымдамалар үшін гранттар беру жөніндегі конкурстық комиссия құрамына қойылатын талаптардың төмендеуіне байланысты елеулі тәуекелдерді көрсетті («500 ғалым» жобасы бойынша).