Қыркүйектегі жағдай бойынша, «7-20-25» бағдарламасын іске асыру аясында 1,049 трлн теңгеге 76 106 қарыз берілді. Ұлттық банктің мәліметінше, Астана қаласы бойынша 27 728 өтініш келіп түссе, 440,6 млрд теңге бөлінген. Ал, Алматы қаласында «7-20-25» бағдарламасы бойынша 15 630 өтінім түссе, 245,6 млрд теңге қарастырылған. Шымкент қаласында 5 636 өтініш болса, 71, 4 млрд теңге бөлініп отыр.