Шымкентте полицейлер 8 жылдан бері халықаралық іздеуде жүрген азаматты ұстады. Жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында Шымкент қаласы Полиция департаменті Көші-қон қызметі басқармасының қызметкерлері 8 жыл бойы халықаралық іздеуде жүрген Өзбекстан азаматын анықтады. 41 жастағы іздеуде жүрген қылмыскерді полиция қызметкерлері Тұран ауданындағы жалдамалы пәтерлердің бірінде ұстады. Қазіргі уақытта ер адам соттың шешімімен республика аумағынан аластатылып, бес жылға дейін Қазақстанға кірмеуге шешім шығарылды.