Жетісу облысында медициналық кадрлардың тапшылығы проблемасын шешу үшін биылдан бастап көтерме ақы төленеді. Енді өңірге келген дәрігерлер ауылдық жерде жұмыс істейтін болса, 10 млн. теңгеден және қалада жұмыс істеген жағдайда 5 млн. теңгеден алады. Денсаулық сақтау басқармасының хабарлауынша, өткен жылы өңірде дәрігерлік кадрлардың тапшылығы 8%-ға төмендеген.