9-сынып оқушысы Жеңіс Божаев инновациялық жоба ұсынды. Оқу-ағарту министрлігінің мәліметінше, оның өнертабысы күн энергиясын тұрмыстық қажеттіліктерге пайдалануға мүмкіндік береді.Оқушының айтуынша, оның жобасы көмірге, отынға және электр энергиясына тәуелділікті азайтып, экологияға зиянды әсерді төмендетуге арналған. Ол үшін Жеңіс әуелі күн коллекторының сызбасын әзірлеп, бөлшектерден қондырғыны құрастырудан бастады.