Абай облысы Аягөз ауданындағы өзеннің су деңгейі көтеріліп, 172 адам мектеп-интернат жатақханасына эвакуацияланды. Облыс әкімдігінің мәліметіне сүйенсек, Аягөз өзенінің су деңгейі көтеріліп кетті. Сақтық шараларын сақтау мақсатында өзен іргесінде орналасқан Төлендин көшесіндегі 43 жеке тұрғын үйден 172 адам эвакуацияланды.