Абай облысында пойыз арқылы Жапония мен Үндістанға бара жатқан 370 млн теңгенің мүлкі қолды болды. «Бас көлік прокуратурасының үйлестіруімен Семей және Аягөз станциялары арасындағы учаскеде жүк пойыздарынан бірнеше рет ферроқорытпа ұрлаған топтың қылмыстық әрекеті тоқтатылды. Бұл жүк «Қазхром» ТҰК» АҚ құрамына кіретін Ақсу ферроқорытпа зауытына тиесілі болған. Жүк Қытай арқылы Жапония мен Үндістанға жіберілген болатын», - дейді Көліктегі ПД бастығы Бақытжан Малыбаев мәлімдеді.