Абай облысы Мақаншы ауданының ауруханасында науқастарға жарамдылық мерзімі өтіп кеткен анестезия препараттары салынған. Мақаншы ауданының прокуратурасы денсаулық сақтау мекемесін тексеру барысында дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету бойынша заң бұзушылықтарды анықтаған. Тексеріс нәтижесінде дәрі-дәрмектің дұрыс сақталмауы, есірткі заттары бар ампулалардың уақтылы жойылмауы және дәрі-дәрмектердің дұрыс тағайындалмауы анықталған.