Елордада адам папилломавирусына (АПВ) қарсы вакцинация науқаны басталды. Бұл шара қыздардың денсаулығын қатерлі ісіктің ең қауіпті түрлерінің бірінен қорғауға бағытталған, деп жазды елорда әкімдігінің ресми сайты. Қазір қалада вакцинаның 12 мыңнан астам дозасы бар. Жоспарлы тәртіппен вакцинациялауға қала бойынша барлығы 13 мыңға жуық 11 жастағы қыздар жатады. Сондай-ақ 12-13 жас аралығындағы қыздарға толықтыра иммундау қарастырылған.