Қазақстанның Ресейдегі (Мәскеу) Елшілігінде жұмыс істеген №397 сайлау учаскесінде Қазақстанда атом электр стансасын (АЭС) салу жөніндегі референдумда дауыс берудің қорытындысы шығарылды. Дауысты санау рәсімінің қорытындысы бойынша сайлау комиссиясының мүшелері Мәскеуде референдумға қатысуға тіркелген 900 адамның 718-і дауыс бергенін, бұл 79,77 пайыз екенін жеткізді.