Алматыда Қазақстандағы АЭС-қа қатысты референдум өткізу туралы заңнаманы бұзған төрт адам жауапқа тартылды. Алматы қаласының прокуратурасы жеке және заңды тұлғалардың Қазақстан Республикасының сайлау заңнамасының талаптарын сақтамай атом электр станциясының құрылысы бойынша қоғамдық пікірге сауалнама жүргізу фактілерін анықтаған.