АЭС құрылысына қатысты референдумда елдегі барлық зағип жандар Брайль қарпімен жазылған трафаретпен қамтылады. Орталық сайлау комиссиясының мүшесі Сәбила Мұстафина алдағы саяси науқанда мүмкіндігі шектеулі жандарға дауыс беруде қолайлы жағдай жасау басым бағыт болып саналатынын жеткізді. Қазір арнайы жазу жүйесі арқылы көру қабілеті төмен 2359 сайлаушы бар. Бұл көзі көрмейтін мүгедектігі бар жандардың 8,3 пайызын құрайды