Үкімет атом электр станциясын салу бойынша референдум өткізуге қатысты қаулы қабылдады. Енді мемлекет басшысы қол қойса, содан кейін жалпыхалықтық дауыс беру күні белгілі болады. Атом энергетикасын дамыту перспективалары қаралған Үкіметтің бүгінгі отырысына министрлерден бөлек, ғалымдар мен сарапшылар да қатысты.