Ауыл шаруашылығы вице-министрі Ербол Тасжүреков аграрлық саланы қаржыландыру тетіктері туралы айтып берді. «Үкіметтің қолдауымен егін егу және егін орағы жұмыстарына жылына 5% мөлшерлемемен 580 млрд теңге бөлінеді. Оның ішінде 100 млрд теңгесі жеңілдетілген лизингке бағытталған. 2025 жылы 5% мөлшерлемемен көктемгі егіс және егін орағы науқанын жеңілдетілген қаржыландыру жалғасады. Несиені ұзартудың салдарынан кепілдіктердің болмау мәселесін шешу мақсатында «Даму» қоры арқылы несиелерді кепілдендіру механизмі енгізілді. Ол несие сомасының 85 пайызын кепілдендіруге мүмкіндік береді», - деді Е.Тасжүреков.