Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева «Бишімбаев ісіне» орай пікір білдірді. «Время» газетінің тілшісі министрден: «Аида Ғалымқызы, сіз Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат ұлттық комиссиясының төрағасысыз. «Бишімбаев ісін» қадағалап отырсыз ба? Өйткені, қоғам әділетсіз үкім шығу мүмкіндігіне алаңдаулы. Осыған орай қандай пікір білдірер едіңіз?» — деп сұрайды. Осы орайда министр ұлттық комиссияның төрағасы ретінде өзі де, комиссия мүшелері де аталған сот талқылауын жіті қадағалап отырғандықтарын айтады.