Биыл жазда FlyArystan әуе компаниясының қызметкерлері Астанадан Орал қаласына жолға шыққан егіз жасөспірімнің бірін әуежайда қалдырып кеткен. Бұл туралы егіздің анасы Жазира Мусина өзінің әлеуметтік парақшасына жазып, арты шуға айналған еді. «Сот Air Astana әуе компаниясына Зеренің анасына 5 000 000 теңге көлемінде моральдық шығын өтеуге міндеттеді», — деп жазды егіздің анасы Жазира Мусинаның адвокаты желідегі Дәнілхан Шағатаев жеке парақшасында.