Атырау облысындағы «Ақжайық» резерватында екі күн бұрын қамыс өртенген еді. Бүгін кеште Каспий теңізінің жағалауындағы жалын өшірілді. Атырау облыстық төтенше жағдайлар департаменті қоғаммен байланыс тобының мәліметінше, резерват аумағындағы жалын 9 қазанда анықталған.