Тарихи дүниені Ақмола облысы Сандықтау ауданы төтенше жағдайлар бөлімінің қызметкерлері «Орман» профилактикалық іс-шарасы кезінде тапты. Құтқарушылар орманда адамның бейнесі қашалған ерекше тас тапқан. Олар бірден табылған зат туралы Ақмола облысының Төтенше жағдайлар департаменті мен тарихи-өлкетану мұражайына хабарлаған. Бұдан соң бұл артефактіге астаналық ғалымдардан бөлек шетелдік ғалымдардың да қызығушылық тудырғаны белгілі болды.