Ақмола облысының прокуратурасы балабақшаларда тексеріc жүргізді. Тексеру жұмыстарының нәтижесі бойынша әртүрлі 300-ден астам заң және ереже бұзушылықтар анықталды. Облыстық прокуратураның баспасөз қызметі таратқан мәліметке сай, балабақшалардың бірінде қызметкер мас күйінде болған. Басқа жағдайда, балабақша директоры өз айыппұлдарын төлеу үшін қарамағындағылардан қаражат жинағаны (директор жұмыстан шығарылды).