Ақтау Түрікменстанның Анау қаласынан эстафета қабылдады. Бұл туралы Ашхабадта өткен ТҮРКСОЙ Түркі мәдениеті мен өнерін дамыту жөніндегі халықаралық ұйымға мүше мемлекеттердің 41-ші отырысында мәлім болды. Шарада маңғыстаулық делегация Анау қаласынан «Түркі әлемінің мәдени астанасы» мәртебесін қабылдап алды.