Ақтөбе облысында тоңазытқыштан адамның басы табылды. Қанды қылмыс жасады деген күдікпен екі адам ұсталып, қамауға алынған. Сұмдық жағдай Хромтау қаласында болған. Осыдан бір ай бұрын хабар-ошарсыз кеткен жергілікті тұрғынға іздеу жарияланған еді. Қыркүйекте жоғалған адамның бөлшектелген денесі салынған пакеттерді тәртіп сақшылары қала сыртындағы кен қалдықтарының арасынан тауып алған.