Самара — Шымкент тасжолының Ақтөбе қаласы аумағында жеңіл және жүк көлігі соқтығысты. Салдарынан бір адам көз жұмды. Ақтөбе облыстық ПД баспасөз қызметінің хабарлауынша, жүк көлігі мен Toyota Ipsum соқтығысқан кезде бір адам көз жұмды. Тағы біреуінің жағдайы беймәлім.