Ақтөбеде қызын зорлаған 48 жастағы ер адам 20 жылға бас бостандығынан айырылды. Ол мәжбүрлі түрде емделеді. Қылмыстық іс Ақтөбе облыстық қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында қаралды. Іс материалына сүйенсек, 48 жастағы ер адам Қостанай облысының тумасы болғанымен Ақтөбеде тұрған. Орта білімді, жұмыссыз ер адамның отбасы бар. Оған Қылмыстық кодекстің 120-бабы 4-бөлігімен айып тағылды.